Антына адал абзал жан

Жыл сайын көптеген елдерде 16 қазан Дүниежүзілік анестезия күні (World Anaesthesia Day) дәстүрлі түрде анестезиолог-реаниматологтар мен медицинаның осы саласындағы барлық мамандардың кәсіби мерекесі болып саналады. 1846 жылы 16 қазанда Америка Құрама Штаттарында тіс дәрігері В. Мортон алғаш рет хирургиялық араласу үшін эфирлік анестезияны қолданды. Тіс дәрігерінің эксперименті арқасында анестезия кең таралды.

Анестезиолог-дәрігерлерсіз бүгінде бірде-бір ота жасалмайды. Бұл өте жауапты жұмыс, өйткені анестезиолог стресстік жағдайларда адамның денсаулығы мен өміріне байланысты дұрыс шешім қабылдай алуы керек.

Кәсіби мерекеге орай павлодар облысының еңбегі сіңген анестезиолог дәрігерінің еңбек қызметі туралы айтып өтпекпіз. Түсіпов Қабдылхах Әбдірахымұлы – Екібастұз қалалық ауруханасының анестезиолог-реаниматологы, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының мүшесі.

Қабдылхах Әбдірахымұлы 1958 жылы Семей облысы Ойшілік ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Семей медициналық институтының емдеу факультетін бітіргеннен кейін Екібастұз медициналық бірлестігінің Орталық қалалық ауруханасы базасында “Анестезиология-реаниматология” мамандығы бойынша бір жылдық интернатурадан өтті.

Интернатураны бітіргеннен кейін ауруханада анестезиолог-реаниматолог ретінде жұмысын жалғастырды. 1989 жылдан 1992 жылға дейін Екібастұз Орталық қалалық ауруханасының анестезиология-реаниматология бөлімінің меңгерушісі болды. Денсаулық сақтау жүйесінде 39 жылдан астам жұмыс өтілі бар, 2021 жылдың қазан айында құрметті демалысқа шығып, туған ауруханасында жұмысын жалғастырды.

Қабдылхах Әбдірахымұлы – жоғары санатты дәрігер, жоғары білікті маман, шебер ұйымдастырушы. Анестезиология және реанимациядағы шұғыл жағдайларды диагностикалау және емдеу мәселелерінде жоғары білімді. Жас мамандарды даярлау және тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізеді. Облыстың емдеу ұйымдарына практикалық және консультативтік көмек көрсетеді.

Оның белсенді қатысуымен балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін 1991 жылы қалада алғаш рет 6 төсектік балалар реанимациясы бөлімшесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қалада алғаш рет реанимациялық ауруханаларға күтім жасау сапасын жақсарту үшін 2 барокамераға гипербарикалық оксигенация (ГБО) палаталары ұйымдастырылды.

Қабдылхах Әбдірахымұлы өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға көп көңіл бөледі. Шетелдік және отандық оқу сертификатына ие. Конференциялар, семинарлар мен мастер-кластар жұмысына белсенді қатысады. 1991 жылы РМҒА академигі Г.А.Рябовтың басшылығымен Мемлекеттік емдеу-сауықтыру бірлестігінің (Мәскеу қ.) оқу-ғылыми орталығы базасында оқыды. Анестезиолог-реаниматолог практикалық дәрігер ретінде 2013 жылы өңірде алғаш рет “Болашақ” халықаралық стипендиясының иегері болды, бұл оған Израильде “Wolfson” Медициналық орталығының базасында анестезиология-реаниматология бойынша үш айлық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берді. Оның бастамасы бойынша алғаш рет Екібастұз қалалық ауруханасының практикасына қауіпсіз интубация жүргізу және одан әрі жедел араласу үшін израильдік әріптестер әзірлеген шеткері әрекет ету механизмі бар миорелаксанттарды қолдану әдістемесі енгізілді.

Қабдылхах Әбдірахымұлы әріптестер мен пациенттер арасында үлкен беделге және құрметке ие, әр пациентке жеке көзқарас бар. Аурухана мен қаланың қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады.

Қабдылхах Әбдірахымұлы өзінің барлық еңбек жолында аурухана әкімшілігінің, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, “Nur Otan” партиясының Павлодар облыстық филиалының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің наградаларымен марапатталған. Көп жылғы еңбегі, өз кәсібіне адалдығы, облыс халқының денсаулығын қорғауға сіңірген еңбегі үшін “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” және “Денсаулық сақтау ісінің қосқан үлесі үшін” белгілерімен марапатталған.