ҚРКФ делегациясының Еуропаға жұмыс сапары: Женева кездесулері

18 қазанда Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған делегация Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Женевадағы штаб -пәтерінде болды.

ХЕҰ өкілдерімен атап айтқанда, ACTRAV еңбекшілер қызметі бюросының директоры Мария Хелена Андре, ХЕҰ Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Хайнц Коллер, Қауымдастық еркіндігі бөлімінің бастығы Карен Кертис, Еуропа және Орталық Азия департаментінің бастығы Сергеюс Гловацкаспен маңызды кездесулер өткізілді.

ACTRAV директоры Мария Хелена Андремен кездесу барысында кәсіподақ қызметі мәселелері, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезінде кәсіподақтардың алдында тұрған міндеттер, ХЕҰ-ның 87 конвенцияға қатысты стандарттарды қолдану жөніндегі қорытындылары бойынша сындарлы  диалог болды.

Аймақтық директор Хайнц Коллермен болған талқылау барысында ХЕҰ конвенцияларды ратификациялау, лайықты жұмыс принциптерін ілгерілету және елдің жаңа бағдарламасын әзірлеу бойынша техникалық көмек көрсету туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Қауымдастық еркіндігі  департаментінің басшысы Карин Кертиспен бірігу еркіндігі, құқықтық көмек көрсету, кәсіподақ белсенділерін оқыту мәселелері талқыланды.

Еуропа және Орталық Азия департаментінің басшысы Сергеюс Гловацкаспен болған келіссөздер барысында тараптар алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын белгіледі.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының медиа орталығы