Өз ісінің майталмандары марапатталды

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы және ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығы нәтижелі және жемісті өтуде. Төрайымы – Алмакүл Өсерова.

Қазақстан Кәсіподақтары күнін мерекелеу қарсаңында мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының республикалық конкурсының қорытындысы бойынша «Үздік кәсіподақ филиалы» номинациясында Қарағанды облыстық филиалы жеңімпаз болып танылып, Гран-при дипломымен марапатталды.

Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Алмакүл Өсерова барлығын айтулы жеңістерімен құттықтай отырып, бұл – 80 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ қызметі мен әлеуметтік әріптестердің кәсіподақ төрағалары мен жұмыс берушілер атынан тиімді ынтымақтастығының нәтижесі екенін атап өтті. Салтанатты іс-шараға қатысушыларға «Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ  төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина құттықтау тілегін білдірді.

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2021» номинациясы бойынша Жезқазған тарихи археологиялық музейінің кәсіподақ ұйымы мен кәсіподақ комитетінің төрайымы Эльвира Мұхамедина жеңіске жетіп, диплом мен 30 000 теңге көлемінде ынталандыру сертификаты табыс етілді. «Кәсіподақ көшбасшысы» дипломы және 20 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сертификаты Абай атындағы балалар кітапханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Марина Подгайноваға табысталды. «Кәсіподақ жастар көшбасшысы» дипломы және 20 000 теңге көлеміндегі сертификат Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің «Зерде» көшпелі бейнемобилінің жетекшісі Жанұзақ Мәкішевке табыс етілді. «Еңбек Елшісі» жобасының қатысушыларына және жастар көшбасшыларына дипломдар мен 20 000 теңге көлемінде сертификаттар табыс етілді. Номинанттар: Мақпал Түсіпбаева – зағип және нашар көретін жандарға арналған облыстық мамандандырылған кітапхананың қызметкері, Индира Асқарова – Бұқар Жырау ауданы орталық аудандық үлгілі кітапханасының оқу залының аға кітапханашысы және Бөлтірік Алшынбек – Ұлытау ауданы Жезді кентінің Мәдени-сауықтыру орталығының жаттықтырушысы.

Алмакүл Өсерова жастарға әрқашан лайықты еңбек етуді, өз шеберліктеріне күмәнданбауды, қиындықтардан бас тартпауды және жаңа жеңістер мен табыстарға ұмтылуды тілеп, өмір жолында әрдайым шыдамдылықпен, табандылықпен, сенімділікпен жүруді, сонда ғана барлық үміттер орындалатының жеткізді.

“Қазан айы Еңбек күні, Мұғалімдер күні, Қазақстан кәсіподақтарының күні сияқты мерекелік күндерге толы және олардың барлығы Еңбек адамына арналған! Осы мереке күндері біз әрбір қызметкерге жасына қарамастан, өз еңбек ұжымдары мен отбасыларының игілігі үшін еліміздің дамуына қосып жатқан еңбектері үшін алғыс айтамыз”, – деп атап өтті салалық кәсіподақ төрағасы.

Еңбек адамының мәртебесін арттыру мақсатында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек Даңқы» Құрмет белгісімен «Жалын» облыстық мамандандырылған спорт мектебінің бас бухгалтері Ерсалды Халелова және балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдодан жаттықтырушы-оқытушысы Марат Сұлтанов марапатталды.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған облыстық мамандандырылған кітапхананың экономисті Инна Иванова, Абай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кадрлар жөніндегі инспекторы Шнар Сұлтанбекова және библиограф Жанна Айтжанова, тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі орталықтың бухгалтері Айман Абуғалиева, мамандандырылған балалар-жасөспірімдер гимнастика спорт мектебінің бухгалтері Анна Астафьева, бөлім басшысы Марина Федоренко және облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының бас бухгалтері Сәуле Төлеубаева марапатталды.

Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы велоспорт бойынша облыстық спорт мектебінің бухгалтері Лира Майкенованың, облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің басшысы Нұрлан Түсіповтің және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, жеңіл атлетика олимпиадалық резервінің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің бухгалтері Нұрлан Тұрсыновтың, оқу ісі жөніндегі басшы орынбасары Юлия Базаргачтың, Абай ауданы спорт мектебінің әдіскері Елена Кайлованың, сондай-ақ, Қарағанды қаласының бұқаралық спорт түрлері спорт мектебінің волейбол бойынша жаттықтырушы-оқытушысы Кайрулла Турлиннің еңбегі үшін алғысын білдірді.

Қарағанды облыстық филиалының Құрмет грамотасымен облыстық «Жалын» спорт мектебінің есепшісі Атиркуль Рахымбаева, есепші Ольга Пак пен зағип және нашар көретін жандардың мәдениет үйінің режиссері Евгения Шерстова марапатталды.

Кәсіподақтың облыстық филиалы велоспорт бойынша спорт мектебінің кадр жөніндегі инспекторы Саягүл Жукушеваға, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының шаруашылық жөніндегі инспекторы Салтанат Қосыбаеваға және жекпе-жек спорт мектебінің әдіскері Анар Жамбековаға алғысын білдірді.

Іс-шараға қатысушылар үшін Қарағанды облыстық Академиялық музыкалық комедия театрының вокалист – кәсіподақ мүшелері Елена Беспалова мен Александр Бойконың музыкалық жарқын вокалдық нөмірлерімен мерекелік концерт ұйымдастырылды.