Кәсіподақ ардагерлерімен жүздесті

Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында кәсіподақ ардагерлерінің кеңесі өтті. Кеңеске облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары М.Бәйімбетов төрағалық етті.

Жиын барысында кәсіподақ жұмыстарына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, жоспарлар ортаға салынды.

Сондай-ақ, осыған дейін кеңеске төрағалық етіп келген Ж.Жаппасбаева өз өтініші бойынша жетекшілік қызметінен бас тартатынан хабарлады. Сәйкесінше Ж.Шәріпқызына осыған дейін жасаған еңбегі үшін кәсіподақтар тарапынан алғыс білдіріліп, құрмет көрсетілді.

Ж.Жаппасбаеваның міндеттемесі кеңес мүшелерінің дауыс беру нәтижесімен С.Мырзахановқа жүктелді.