«Павлодарэнерго» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы жұмысы туралы есеп берді

“ПАВЛОДАРЭНЕРГО” АҚ конференц залында “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының 2020 жылға арналған есептік конференциясы өтті.

Конференция жұмысына кәсіподақтан және әлеуметтік әріптестен 31 делегат, бас директордың орынбасары – бас инженер В.Лесин қатысып, құттықтау сөзінде қызметкерлердің мүдделерін қорғау және энергетика саласындағы әлеуметтік мәселелерді шешу ісінде кәсіподақ жұмысының маңыздылығын атап өтті.

“Жергілікті кәсіподаққа 10 кәсіпорын – “Павлодарэнерго”, “САЭМ” АҚ, “Каустик” АҚ, “Водоканал Северный” ЖШС компаниялар тобының энергия кәсіпорындары кіреді, олардың саны 2301 адамды құрайды, бұл осы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің үштен бірін құрайды. Есепті жылы энергия өндіруші ұйым болып табылатын “УПНК” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды. “Каустик “АҚ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының “Салауатты жұмыс орындары” жобасы белсенді іске асырылып жатқан облыстағы 7 кәсіпорынның бірі. Әр кәсіпорында ұжымдық шарттар жасалған. Кәсіподақ кәсіпорындарда спортты дамытуға көңіл бөледі, жоспар бойынша 10-ға жуық спорттық іс-шараны қамтиды. 2020-2021 жылдары 131 адам Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің оқыту семинарларында келісім комиссияларының мүшелері оқытылды. 2018 жылдан бастап кәсіподаққа мүшелікті ынталандыру мақсатында “Профсоюзный” дисконттық жүйесі жобасы әзірленіп, іске қосылды. Бұл жүйе кәсіподақ мүшелеріне тауарлар, қызметтер бойынша 53 серіктестен 5-тен 20%-ға дейінгі мөлшерде жеңілдік түрінде қолдау көрсету мақсатында ойлап табылды”, – деді “ПАВЛОДАРЭНЕРГО” жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев.

Конференцияның күн тәртібін қарау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.