Теміржолшылар – салауатты өмір салты үшін

Қарағанды – Сортировочная станциясының «Локомотив» стадионында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Кәсіподақтары күніне арналған Қарағанды жол бөлімшесінің теміржол көлігі қызметкерлері арасында баскетболдан турнир өтті. Іс-шараға 40-тан астам әуесқой спортшы қатысты.

Біріншіліктің ашылуында Қазақстандық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Яхия Альмусин сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға спорт алаңында табыс тіледі және өз денсаулығын пайдалы жаттығулармен нығайтқысы келетіндерге қызықты және қолжетімді баскетболға назар аудару керектігін атап өтті. Баскетбол – денені керемет жаттықтыратын белсенді ойын. Сондай-ақ, бұл командалық ойын, яғни команданың бірігуіне ықпал ететін спорт түрі болып табылады. Жарысқа теміржол көлігінің 5 команда-бөлімшелері қатысты: ТЧЭ-14, ЭЧ-12, ПЧ-26, Жаңаарқа торабы, «Қала маңындағы тасымалдар» АҚ.

Баскетбол ойнау процесі техникалық және тактикалық дағдыларды қажет ететін арнайы әдістерді қолдана отырып, әсерлі өтті. Турнир барысында жанкүйерлер тарапынан матч қатысушыларына шынайы қызығушылық тудырған жарыстың корпоративтік рухы байқалды.

Әдемі және азарт өткен жарыста 1 орынды ТЧЭ-14 командасы жеңіп алды, оның құрамына: А.Силин, С.Сейтжан, Д.Герин, С.Шишкин, Б.Ақбергенов, С.Божниязов, С.Сейсембеков, Д.Бақыт кірді. Екінші орынды Жаңа-Арқа станциясының командасы және 3 орынды Ақадыр станциясының ПЧ-26 командасы иеленді.

Бұл соңғы чемпионат емес. Алда спортшыларды теміржол көлігі қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қызықты жарыстар күтіп тұр.