Әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығында облыстық әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына комиссия төрағасының орынбасары, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасының орынбасары М.Бәйімбетов төрағалық жасады.

Комиссия отырысындаоблыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Т.Жолымбетов «Облыс бойынша еңбек қауіпсіздгі және еңбекті қорғау жайы туралы» баяндама жасады.

Сонымен қатар, отырыста жазатайым оқиғаға жол берген компания, мекеме басшылары тыңдалып, тыңдау қорытындысымен өндірістік жарақатқа, жазатайым оқиғаларға жол бермеу және алдын алу бағытында шараларды қабылдау, қызметкерлерді еңбек қауіпсіздіктерін сақтау жөнінде оқыту ұсынылды.