Өз ісінің майталманы марапатталды

Абдраимов Нұрлан Шерімұлы «ЯНС» ЖШС-да 17 жылдан бері қызмет жасап, Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті бастауыш кәсіподағының төрағасы болып табылады.

Аталған мекемеде 22 жүргізуші еңбек етеді, олардың барлығы – 100 пайыз кәсіподақ мүшелері. Жұмыс барысында Нұрлан Шерімұлы өзін белсенділік танытатын, кәсіби ұйымдастырушы адам ретінде көрсетті. Өзінің лауазымдық міндеттерін жоғары кәсібилікпен орындайды. Қызметінің негізгі түрі жолаушылар тасымалдайтын автокөліктердің техникалық қауіпсіздігі мен жүргізушілердің жағдайын бақылау болып табылады.

Кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ тығыз әлеуметтік әріптестікте туындаған мәселелерді жедел шешуге тырысады. Кәсіпорын жүргізушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға көп көңіл бөледі. Осы мақсатта кәсіпорын медициналық жабдықтармен және жаттығу залымен жабдықталған. Мерекелер мен атаулы күндерге орай кәсіподақ комитеті мен кәсіпорын әкімшілігі жүргізушілердің отбасыларына үнемі материалдық қолдау көрсетеді.

Көп жылғы жұмысы және кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін Нұрлан Шерімұлы «Құрмет» грамотасымен, ақшалай сыйлықпен және шапанмен марапатталды.