“Келешек” кәсіподақтардың жастар саясатын күшейту мәселесін талдады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақтардың жастар саясатын күшейту және жандандыру жөніндегі жүйелі жұмысқа ерекше назар аударады.

ҚРКФ жастар саясаты бағдарламасы аясында “Келешек” Павлодар облыстық жастар кеңесі” “Келешек” кеңесінің республикалық көшбасшысы Дәрия Хамитжанованың қатысуымен брейншторм өткізді.

Қатысушылар кәсіподақ жобаларын, жаңадан кірген кәсіподақ мүшелері үшін бастамаларды іске асыру бойынша әдістемелік құрал әзірлеуді, сондай-ақ, кәсіпорындардағы жастар кеңестерінің көшбасшыларын жобалық менеджментке кешенді оқыту жүргізуді ұсынды.

Брейнштормның нәтижесінде алынған инсайттар “30 Еңбек елшісі” жобасының жеңімпаздарына таныстырылады.

Сондай-ақ, онлайн кездесу барысында “Келешек” Павлодар облыстық жастар кеңесінің төрайымы Гүлзира Атабаева кеңестің ағымдағы жылғы жұмысын қорытындылады.