Ұстаздар жарысты

Мұғалжар ауданының педагогтары арасында спартакиада өтті. Мұғалімдер спартакиадасы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының демеушілігімен 15-16 қазан күндері білім бөлімінің жоспарына сәйкес өтті.

Ұстаздар салауатты өмір салтын насихаттау арқылы ұжымдағы бірлік пен командалық рухты көрсете білді.

Жарыс нәтижесі бойынша №3 Ембі қалалық орта мектебінің мұғалімдері жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі I-орынды жеңіп алды. ІІ орынды №7 Ембі қалалық мектебінің командасы иеленсе, №4 Қандыағаш қалалық мектебінің ұжымы III орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздар аудандық білім бөлімі және кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.