Тиімді келіссөздер – мықты кәсіподақ

Кәсіподақтар федерациясының онлайн білім марафонының кезекті семинары Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарының кәсіподақ белсенділеріне арналды.

Қатысушыларға арналған алғы сөзінде фдерация төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев кәсіподақтың кәсіби деңгейін көтерудің және кәсіподақ кадрлары арасында құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Ол өз сөзінде жобалық басқарудың құралдары мен принциптерін ұсынды.

Семинар қатысушылары жобалық менеджменттің даму тарихы туралы, жобалық басқару дағдыларына ие болды.

«Біздің мақсат – «жобалық ойлауды» дамыту. Оқу курсы әлеуметтік және еңбек саласындағы жобаларды басқаруға бағытталған. Жобаларды басқару шеңберінде икемді және бейімделгіш тәсіл қолданылады, оның көмегімен кез келген жобаны тиімді басқаруға болады », – деді Нұрлан Өтешев.

Әрі қарай, лекторлар қатысушыларды еңбек заңнамасының қолданылуымен, еңбек дауларының алдын алу және шешу мақсатында келіссөз жүргізу дағдыларын дамытумен таныстырды.

Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығының бас маманы Майра Боранбаева кәсіподақтар қызметінің негізгі принциптері, еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесі  және еліміздің еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер туралы айтты.

Оның айтуынша, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы негізгі буындардың бірі – кәсіподақтардың бастауыш ұйымы.

«Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым -қатынастың негізі ұжымдық шарт болып табылады, онда әлеуметтік әріптестікпен бірге қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың барлық шараларын көрсету қажет. Аймақтық деңгейге келетін болсақ, барлық әлеуметтік қолдау шаралары аймақтық деңгейдегі үшжақты келісімдерде көрсетілуі тиіс. Республикалық деңгейде бұл нормалардың барлығы Бас келісімде көрсетілген», – деп атап өтті Майра Боранбаева.

Павлодар облысы АКБ Татуласу орталығының басшысы Марина Иванова өз кезегінде қатысушыларды еңбек даулары бойынша заңды күшіне енген сот органдарының шешімдерін мысалға келтіре отырып, еңбек дауларының сотта шешілу тәжірибесімен таныстырды.

Кездесу соңында еңбек заңнамасын қолдану бойынша пікір алмасу болды. Қатысушылар кәсіподақтар жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар алды.

Еске салайық, Кәсіподақтар федерациясының онлайн марафоны ағымдағы жылдың 21 маусымында басталды. Оған күн сайын елдің барлық салалары мен аймақтарынан 100 -ге жуық кәсіподақ мүшелері қатысуда.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы