“Тіл – достықтың алтын көпірі” байқауы ұйымдастырылды

Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында “Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1” ЖШС басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының әлеуметтік әріптестігі аясында “Тіл – достықтың алтын көпірі” байқауы ұйымдастырылды, оған станцияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Комиссия қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтады: 1-орынды ЭЖБЖ цех кран машинисі Т.Лысогор, 2-орынды ТП талдау инженері С.Шахметова, 3-орынды турбина жабдығы бойынша машинист қараушы Т.Болатұлы иеленді.

Кәсіпорынның бас директоры Е.Копенов, кәсіподақ комитетінің төрайымы Т.Чигвинцева және “Nur Otan” партиясы бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Серьянов конкурс жеңімпаздарын құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.