Әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық үшжақты комиссияның отырысы өтті

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы С.Төлегенова ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А.Нүсіпованың төрағалығымен денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері кәсіподақтарының, ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасының барлық өкілдерінің қатысуымен республикалық деңгейде әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық үшжақты комиссияның отырысына қатысты.

Күн тәртібі бойынша “Денсаулық сақтау” салалық біліктілік шеңберін қарау және бекіту, кадрлық әлеует пен біліктілікті дамыту, негізгі проблемалар мен шешу жолдары, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелері қаралды.

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ-нің әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық үшжақты комиссиясының отырысы барысында медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бөлігінде, оның ішінде жұмыс істеп тұрған инфекциялық бөлімшелердің, МСАК-тың, ЖММК-нің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы моральдық-этикалық өзгерістерге жол бермеу мақсатында “2021 жылғы 1 қазаннан бастап лауазымдардың жекелеген санаттары бойынша жалақыны арттыру жөніндегі” жобасы бойынша өз ұсыныстарын – COVID-19-мен күресу бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің психологиялық күйзелісін, медицина қызметкерінің кәсібі мен мәртебесінің беделін арттыру мәселесі талқыланды. 

Отырыс соңында комиссия “Бас келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын” жүзеге асыру жөніндегі мәселелерді де қарады.