Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні жоғары деңгейде атап өтілді

Қазан айының үшінші жексенбісі орман және жануарлар дүниесін қорғап-сақтауға, молайтуға өз үлесін қосып жүрген қызметкерлердің «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл күні “Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы А.Давлетжановтың бастамасымен өңірдегі белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар аудандарда орман шаруашылығы саласы қызметкерлерін құттықтау шаралары өткізіліп, әлі де жалғасын табуда.

Өзге өңірлермен салыстырғанда Орман шаруашылығы батыс өңірінде қарқынды даму үстінде. Облыста ауыл шаруашылық саласы кәсіподағы қарқынды жұмыстар жүргізіп келеді.

Салалық кәсіподақ күшімен көшет отырғызу және елді мекендерді көгалдандыруға қатысу үшін питомник құрылды. Облыстың шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көшеттермен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді.