Өз ісінің хас шебері

Әлішер Ахраров – «YNTYMAQ» Қазақстандық кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының кооперация және кәсіпкерлік қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының құрамына кіретін Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» КММ кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Қарағанды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық жүйесінде Әлішер Ахраров 2015 жылдан бастап заңгер-консультант лауазымында жұмыс істейді. Жұмыс істеген жылдары өзін орман шаруашылығы саласындағы жұмысын жауапкершілікпен орындайтын сауатты маман ретінде көрсетті, әріптестерінің пікірінше, жас мамандар үшін үлгі болып табылады, сондай-ақ оған тән өте маңызды қасиет – жұмыс бойынша әріптестерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, қол ұшын соза білуі.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Қарағанды облысы аумағындағы табиғат қорғау қызметінің табиғи ортаны сақтауға және қалпына келтіруге, ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған сегментіне жатады. Орманшылардың негізгі және басты жұмысы – бұл жасыл екпелерді сақтау, өрттің алдын алу және орман қоры аумағында ағаштарды заңсыз кескен адамдарды анықтау.

Әлішер Ахраров кәсіподақ ұйымының көшбасшысы ретінде кәсіподақ активін, сондай-ақ жыл сайын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында оқытудан өтетін техникалық еңбек инспекторларын оқытуға ерекше көңіл бөледі.

Кәсіподақ ұйымының қарттар күнін мерекелеуге аға буын өкілдеріне тәлімгерлік пен құрмет көрсетуді дамыту, корпоративтік рухты нығайту және еңбек ұжымын біріктіру мақсатында Орман шаруашылығы саласының еңбек ардагерлерінің кездесулерін өткізу игі дәстүрге айналған, қайырымдылық акциялары өткізіліп, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетіледі.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы ұжым мүшелері үшін тұрақты негізде спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізеді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан Кәсіподақтары күні, сонымен қатар Орман шаруашылығы қызметкерлері күні аясында Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ директорының орынбасары Дулат Макишев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.