Ақтөбе облыстық мұғалімдер спартакиадасы өз мәресіне жетті

Дәстүрлі спорт мерекесі Ақтөбе облысының білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.

Жарысқа 12 аудан мен қала мектептерінің педагогтары қатысып, бірнеше спорт түрінен сынға түсті.

Спартакиада мақсаты мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұстаздардың денсаулықтарын нығайтып, физикалық және психологиялық дайындығын ұштау, педагогтар арасында достық, ынтымақтастық сияқты игі қасиеттерді дәріптеу болып табылады.

3 күнге созылған сайыста педагогтар шағын футбол, волейбол, теннис ойнап, бой сергітті.

Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан I орын – Ақтөбе қаласы; II орын – Темір ауданы; III орын – Әйтеке би ауданының педагогтары иеленді.

Шағын футболдан I орын – Ақтөбе қаласы; II орын – Шалқар ауданы; III орын – Әйтеке би ауданының командалары иеленді.

Үстел теннисінен I орын – Ақтөбе қаласы; II орын – Мұғалжар ауданы; III орын – Мәртөк ауданының ұстаздары иеленді.

Жалпы командалық есепте I орын – Ақтөбе қаласы; II орын – Мұғалжар ауданы; III орын – Темір ауданының педагогтарына берілді.

Жеңімпаздар диплом, кубокпен марапатталып, оларға облыстық білім кәсіподағының есебінен қаржы сертификаттары табыс етілді.