Батыс Қазақстан өңірінде көгалдандыру акциялары бастау алды

Орал қаласы аумағын жинау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша санитарлық-экологиялық айлық аясында өңір басшылығының, облыс орталығының, депутаттардың, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, Жастар ұйымдары мен студенттердің қатысуымен қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде 550 үйеңкі мен терек көшеттері отырғызылды. Айлық барысында Оралда барлығы 5 300 дана ағаш отырғызылды.

Іс-шараға өңірдің Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің кәсіподағы қатысып, терек, шырша, арша және еменнің жас көшеттерін ұсынды.

Салалық кәсіподақ төрағасы А.Давлетжановтың айтуынша, көшет отырғызу – қаланың ажарын кіргізіп, көркейтуде маңызы зор. “Өңіріміз еліміздің ең жасыл қаласы, ал оны осы атаумен сақтап қалу үшін, бүгін отырғызылған тал-шіліктер мәуелі ағаштарға айналғанша ерекше күтім көрсетілу керек. Туған топырағымызды таза ұстап, абаттандырып, жасыл желекке бөлеу – баршамыздың басты борышымыз”, – деді салалық кәсіподақ төрағасы.