Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау – кәсіподақтардың басым міндеті

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар филиалы медициналық мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында сайланған еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар “Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ алаңында оқудан өтті.

“Павлодар облысының еңбек басқармасы” ММ басшысының орынбасары М.Т. Қабжамитов “Өндіріспен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі” тақырыбы бойынша, Павлодар облыстық ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері А.Ю. Морозовский “Медицина қызметкерлерін қорғаудың әмбебап шаралары және АИТВ жұқтырудың жанасудан кейінгі профилактикасын жүргізу қағидаттары” тақырыбы бойынша, Татуластыру орталығының басшысы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар филиалының басшысы, кәсіби медиатор, сот жүйесінің ардагері М.А.Иванова  “Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың құқықтық жағдайы” тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

“Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Бақылаудың мақсаты жұмыс істейтіндерге салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды дұрыс және уақтылы тергеп-тексеру мен есепке алуды, қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін атқаруына байланысты мертігуден не денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды толық көлемде өтеуді бақылау болып табылады. Семинар осы мәселелерді зерделеуге арналды, оның нәтижелері бойынша алынған білім мен дағдыларды ескере отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларына қоғамдық бақылау жалғасатын болады”, – деп атап өтті “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар филиалының төрайымы С.Ш. Төлегенова.