Кәсіподақ жетекшілері азық-түлік бағасын тұрақтандыруды басты назарда ұстайды

Ақтөбеде халық тұтынатын азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, бағаны тұрақтандыру мақсатында жиын өтті.

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері және т.б. тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.

Онда Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты А.Әмірғалиев күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру, олардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында бөлінетін бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалау жайын айтты. Отырыста бюджеттті нақтылау, жасыл желектерді күтіп ұстау, абаттандыру және жолаушыларды тасымалдауға тарифтер т.б. қаралды.