Заң клиникасында еңбек мәселесі бойынша консультация берілді

“Маған қатысты жазалау туралы екі бұйрық шығарылды, олармен келіспеймін, олардың шығарылуын заңсыз деп санаймын”, – осындай өтінішпен Павлодар қаласы кәсіпорындарының бірінің қызметкері, кәсіподақ мүшесі ҚРКФ заң клиникасының Павлодар филиалына жүгінді.

Істің барлық мән-жайлары анықталған кезде жұмыс беруші қызметкердің келісімінсіз қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстыру туралы бұйрық шығарғаны анықталды. Бұл ретте қызметкердің халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жататындығы, екінші ата-анасының, әкесінің қолдауынсыз жас қызын өз бетінше тәрбиелейтіні ескерілмеді.

Қызметкер ұсынған еңбек шартын және ауыстыру, жазалау туралы бұйрықтарды зерделеп, ҚРКФ Заң клиникасының Павлодар филиалының басшысы қызметкерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 38-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол берілетінін түсіндірді.

Қызметкердің жазбаша келісімін алмастан басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықты орындамағаны үшін қызметкердің жазалануы туралы бұйрық шығару заңсыз болып табылады.

ҚР Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасағаны – құқыққа қайшы, кінәлі түрде өз Еңбек міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, сондай-ақ еңбек тәртібін бұзғаны үшін ғана тәртіптік жазаларды қолданады.

Қызметкерге ауыстыру туралы бұйрықты, жазалау туралы бұйрықтарды даулау бойынша еңбек дауын шешу үшін кәсіпорынның келісім комиссиясына жүгіну құқығы түсіндірілді, бұл ретте оның өтінішін қарау мерзімі 15 жұмыс күніне дейін болады.

Жұмыскер мен жұмыс беруші кәсіби медиатордың қатысуымен еңбек дауын қарауға келіскен жағдайда, дау сотқа дейін және сотсыз Медиация туралы келісім жасасу арқылы қаралатын және шешілетін болады.

Еңбек саласындағы барлық даулы мәселелер бойынша әрқашан 7/24 режимінде Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 87088614656 сенім телефонына хабарласуға болады.