Кәсіподақ өкілдері Сайрам ауданында болды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы құрамындағы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құқықтық бөлімінің қызметкері Сайрам ауданында жұмыс сапарымен болды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы құрамындағы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының» қоғамдық бірлестігінің құқықтық бөлімінің қызметкері «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігімен Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы келісімі аясында облыс көлемінде кеңес, сұрақ-жауап өткізу жоспары мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің хатына сәйкес, 25 қазан күні Сайрам ауданы білім мекемелері басшыларымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының» төрайымы Айгул Мұқашеваның ұйымдастыруымен құқықтық бөлім басшысы Райхан Кидирбаева, «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының» төрағасы Жандос Шайдулла, «ШАПАҒАТ-ПЕДАГОГ» білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы Гульнара Тлеубердиева қатысып, өз салалары бойынша атқарған жұмыстарына тоқталып, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.

Хаттама түзіліп, ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізілетінін айтып өтті.

Сайрамдықтар аталған кездесуде көптеген сұрақтарына жауап алып, ризашылығын білдірді.