«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен онлайн форматта үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Кәсіподақтар күніне орай 2021 жылғы 8 қазан күні өткен бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының форумында көтерілген мәселелер, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының хаттамалық тапсырмалары, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізу және талдау жасау, жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру аясында жұмыс жүргізу жайы талқыланды.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Кәсіподақтар күніне орай 2021 жылғы 8 қазан күні өткен бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының форумы туралы «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің баяндамасы назарға алынуы туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының тапсырмалары туралы «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің баяндамасы назарға алынып, салалық кәсіподақ филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың басшылары Федерация тарапынан түсетін хаттамалық тапсырмалардың дер кезінде сапалы орындалуын қамтамасыз етілуі туралы мәселе қаралды.

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізу, жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру аясында жұмыс жүргізу қолға алынуы туралы шешім қабылданды.