Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері минифутболдан жарысты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл және Қазақстан Кәсіподақтарының кәсіби мерекесі күніне арналған іс-шаралар аясында ағымдағы жылдың 21 қазан күні Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені цехтарының арасында минифутболдан жарыс өтті.

Жарысты Жаңажол мұнайгаз өңдеу кешені бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ібайдолла Кішкенебай ашты және Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасының орынбасары Самат Сәтов құттықтады. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Механиктер командасы иеленсе, екінші орынды Метрологтер, ал үшінші орынды Технологтар мен Метрологтар бөлісті.