«Тәуелсіздікпен құрдас болу – құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік»

«Қостанай облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ еліміздің құрдастарына арналған басылымдар сериясын жалғастыруда. Қостанай облысында олар аз емес.

Егеменді Қазақстанның балалары бүгінде өз шаңырағын құрып, кәсіби маман ретінде орнығып, түрлі салада еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

«Сарыкөл аудандық ауруханасы» КМК-да Тәуелсіз Қазақстанмен құрдас қызметкер жұмыс істейді. Флят Анастасия Владимировна – жалпы практикадағы медбике, еңбек өтілі 9 жылдан асады.

Пандемия кезінде провизорлық және инфекциялық стационарда жұмыс істеді. Өзінің функционалдық міндеттеріне адал және жауапкершілікпен қарайды. Салауатты өмір салты, отбасы және жұмыс мәселелеріне көп көңіл бөледі. Жастар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарымен айналысады. Әріптестер оның ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеттерін атап өтеді. Кәсіподақ мүшесі, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына қатысады.

«Елімнің тәуелсіздігімен құрдас болу мен үшін құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік. Бүгінде ата-анамның ғана емес, елімнің де үмітін ақтауға тырысамын. Мен өзімді бақытты адаммын деп есептеймін, өйткені мен тәуелсіз елдің азаматымын, бейбіт аспан астында өмір сүріп, сүйікті ісіммен айналысамын», – дейді Анастасия Флят.