Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Ысқақова Гүлжан Онланқызы 2012 жылдан бастап «ҚАЗАҚ КӘСІПОДАҚ МЕТАЛЛ» Салалық тау-кен металлургиялық кәсіптік одағының құрамына кіретін «Қазақмыс «корпорациясы» ЖШС Шығыс-Жезқазған кеніші бойынша «Жезқазғантүстімет» ӨБ жұмыскерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып табылады.

Гүлжан Ысқақова өзін функционалдық міндеттерін кәсіби түрде орындайтын білікті маман ретінде көрсете білді. Ол – өте еңбекқор және басқаларға өте талапшыл. Ол, бірінші кезекте, кәсіподақ комитетінің алдына ұжымды біріктіру, кәсіподаққа мүшелікті арттыру бойынша міндеттер қояды. Бұл міндеттер – бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырушылық-жарғылық қызметінің нәтижелілігін бағалаудағы маңызды көрсеткіш болып табылады. Шығыс Жезқазған кенішіндегі «Жезқазғантүстімет» ұжымшарында 828-ден астам адам кәсіподақ мүшелігіне кіреді. Гүлжан Ысқақова Түркия Республикасында өткен 24-ші Дүниежүзілік әйелдер слетінің қатысушысы болып табылады.

Жақсы ұйымдастырылған ақпараттық жұмыс – кез келген кәсіподақ ұйымының тиімді қызметінің маңызды шарттарының бірі болып табылады, сондықтан кәсіподақ комитеті осы бағытта күшейтілген жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік желілерде үлкен ақпараттық жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ жаңартылған ақпаратты көруге болатын кәсіподақтың ақпараттық стендісі бар.

Кадрлық резервті дайындау мақсатында тұрақты негізде кәсіподақ комитетінің төрағасы кәсіподақ активін оқытуды ұйымдастырды. Техникалық инспекторлар Н. Сапаров, Б.Тәжмағамбетов «Жаңа Еңбек Кодексі бойынша еңбек қатынастары» тақырыбында оқытудан өтті.

Кәсіподақ ұйымында ұйымның қаржы жүйесін нақты басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәртіп әзірленді және енгізілді, барлық мүшелік жарналар кәсіподақтың жарғылық міндеттерін іске асыру үшін ғана пайдаланылады.

Кәсіподақ ұйымының қаражатынан ай сайын мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмек көрсетіледі, кәсіподақ мүшелеріне сатып алынған санаторийлік-курорттық жолдамалар құнының 50% қайтарылады, мерейтой иелерін құттықтау ұйымдастырылыр және бағалы сыйлықтар табысталады, құрмет көрсетіледі. Кәсіподақ белсенділері мен өндіріс озаттарын марапаттауға ерекше көңіл бөлінеді.

Туындаған еңбек даулары Еңбек және жалақы бөлімімен бірлесіп дереу, жергілікті жерде жұмыс тәртібімен шешіледі.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша проблемалық мәселелерді талқылау, корпоративтік стандарттарды әзірлеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша үзбелі талондар жүйесі, 10 түбегейлі ереже, тәуекелдерді бағалаудың 5 қадамы арқылы жұмыс орындарында жарақаттануды төмендету бойынша жұмыс жүргізілуде. Қауіпсіздік техникасын сақтауды насихаттау мақсатында кәсіподақ комитеті қауіпсіздік техникасы бойынша бұзушылықтарға жол бермеген қызметкерлер үшін көтермелеу әдістемесін әзірледі.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Шығыс-Жезқазған кенішіндегі «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігін өз саласында үздік деп таныды.