“Жасыл жұмыс орындары” мәселесі қаралды

“Тәжірибелі экологтар қауымдастығы” жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Лаура Маликова 2021 жылғы 27 қазанда “Жасыл жұмыс орындары” тақырыбында сөз сөйледі.

Паблик-токқа кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері, “30 Еңбек елшісі” ҚРКФ жобасының жеңімпаздары, Павлодар облыстық және қалалық мәслихаттарының депутаттары, кәсіпорындардың жастар кеңестерінің өкілдері қатысты, іс-шараның модераторы – Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің “Келешек” жастар кеңесінің төрайымы Г.Атабаева болды.

“Жасыл жұмыс орындары” тақырыбы іс-шараға қатысушылардың қызығушылығын тудырды, өйткені Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметкерлер үшін лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, оның ішінде еңбек жағдайларының, гигиенаның және еңбекті қорғаудың, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын енгізуге ерекше назар аударады. Жасыл экономика “Үкіметтерді, жұмыс берушілер мен еңбекшілерді жасыл экономикаға Жасыл жұмыс орындарымен және барлығына лайықты жұмыспен әкелетін келісілген саясат пен тиімді бағдарламалар мәселелері бойынша диалог жүргізуге жұмылдыруға” бағытталған.

Кәсіби эколог, ҚР Экологиялық кодексін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі кездесуге қатысушылармен соңғы заңнамалық өзгерістер және “Жасыл жұмыс орындары” бастамасын күшейту бойынша ұсынылған шаралар туралы бөлісті.

Жұмыс орындарындағы жай-күйі туралы тақырыпты талқылай отырып, спикер Қазақстанда адам өлімінің басты себептерінің ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкологиядан кейін өндірістік жарақаттанудың 3-ші орынға ие екендігін, бұл ретте жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесінің болмауы немесе тиісінше бақыланбауы басты фактор болып табылатынын атап өтті. Осы жағдайды еңсеру бойынша ұсынылған шаралар қатарында жұмыс орындарындағы гигиеналық нормативтерді қайта қарау, техникалық инспекторлардың рөлін күшейту, персоналды оқыту, жұмыс орнындағы ауаны бақылау, ластаушы заттарды аулау бойынша жабдықтардың жұмысын бақылау, жасыл жұмыс орындарын құру бар.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар “Жасыл жұмыс орындары” өзекті тақырыбы бойынша жүйелі оқыту жүргізуге ниет білдірді.