Шымкентте «Бес қару» Fest фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылуда

Шымкенттегі «Shymqala» этноауылында «Бес қару» fest жобасы өтуде.

Бүгінгі жастарға батырлар институтын қайта жаңғырту, дамыту міндетін алға қоюды мақсат еткен іс-шара үш күн бойы өтеді. Фестивальге «Келешек» жастары да қатысты. «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Айгерім Әлиева бастаған еріктілер тобы жастар айтысының қонағы болып, арнайы ұйымдастырылған көрмені аралады.

Айта кетейік, іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қызылорда қалаларынан жыршылар мен көршілес қырғыз және өзбек елдерінің жыршы-жомоқшылары, каскадерлар мен этно-фольклорлық топ әншілері қатысады.