Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына кәсіподақтар тарапынан «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі Бауыржан Әлтеев қатысты.

Кеңес отырысын Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов ашып, жұмыс тобы қалыптастырған резервтік тізім бойынша Заң талаптарына сай кезектілік тәртібімен қабылданған жаңа мүшелерімен таныстырып, арнайы төсбелгі табыстады.

Кеңес құрамына ресми түрде қабылданған жаңа мүшелер:
Созақбаева Эльмира Раймбекқызы – Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы – Шымкент қаласы «Су құбырлары және канализация басқармасы» МКК директорының орынбасары.

Өз кезегінде Б.Нарымбетов Шымкент қаласы Қоғамдық кеңес құрамына қабылданған жаңа мүшелерді арнайы құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Отырыста «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары және нәтижесі бойынша АҚ-ның төрағасы төрағасы Бауржан Канкин есеп берді. Сондай-ақ, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаевтың, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаевтың, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы орынбасарының 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалып, кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Қоғамдық кеңес мүшелері “Shymkent” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарына қанағаттанбайтынын жеткізіп, нақты сауалдарға нақты жауап бермегеніне наразы болды.