«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында кезекті кездесу өтті

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов пен жұмыс беруші Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аудан әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.

Аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінен 2021 жылғы 26 тамыз күні бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, оның құрамындағы 70 адам толығымен немесе 100% кәсіподақ мүшелігіне тартылып, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кірген.

Кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Тәжібаев бастаған кәсіподақ комитеті белсенді жұмыс жасап, аппарат қызметкерлері мен жұмыскерлерінің әлеуметтік жағдайларына, оларды кезегімен шипажайларда демалуы және сіңірген еңбектері үшін лайықты наградалармен марапатталуы назарға алынып, жұмыстарын жүйелі әрі дұрыс жолға қойып келеді.

Осы жұмыстарды ұйымдастыруға өзінің патриоттық сезімімен белсенді жұмыс жасап, кәсіподақ комитетінің жанашыры болып жүрген Айнұр Жалмұрзаеваның еңбегі ерекше.

Жиын қорытындысында белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының марапаттары табысталды.

Атап айтқанда, филиалдың «Алғыс хаттарымен» Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметтік орын-жайларды тазалаушысы Айжан Абдешова және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі Абдихан Абдикаримов, ал филиалдың «Құрмет грамоталарымен» Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының күзетшісі  Асил Шойынбаев және Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының әдіскері Амир Марат марапатталды.

Аудан әкімі Р.Мыңбаев кәсіподақ атына рахметін айтып, марапатқа ие болған қызметшілерге өз ілтипатын білдірді.