Ұлт мұраты – ұрпақтар сабақтастығы

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Ұрпақтар арасындағы өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу іс-шарасы» өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік төсбелгісінің иегері, мемлекеттік қызмет саласының құрметті ардагері Амирдин Әлішев, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Алжанова, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, жалпы 70-тен астам адам қатысты.

Жиынды Әл-Фараби ауданының әкімі  Рашид Мыңбаев жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі «Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша ұрпақтар арасындағы өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу» тақырыбында А.Әлішев, «Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілігін арттыру» тақырыбында Ж.Алжанова баяндама жасап, сондай-ақ кәсіподақ атынан С.Әуесханов «Еңбек адамының құқықтары туралы» сөз сөйлеп, қаралған мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.