Бастауыш кәсіподақ ұйымының еңбегі атап өтілді

«Ардагерлер үйі» қарттар мен мүгедектерді оңалтудың Павлодар облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымында 100-ге жуық мүше бар. Бұл мекеме бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, қарт адамдарды оңалтуға арналған. Күнтізбелік жыл ішінде мұнда облыстың әр түкпірінен екі мыңнан астам адам оңалтудан өтеді.

Көп жылдар бойы төрайымы  Дина Ташенова болып табылатын кәсіподақ комитетінің тиімді жұмысының арқасында мекеме басшысы Мархаба Қаратаеваның қолдауымен бастауыш ұйым ұжымының қызметкерлері үшін тамаша жұмыс жағдайлары жасалған, түрлі іс-шаралар өткізіледі, мемлекеттік, ұлттық, кәсіби мереке күндері атап өтіледі.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Б.Қапенов “Ардагерлер үйі” облыстық орталығының ұжымын шын жүректен құттықтап, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.

Кездесу қорытындысы бойынша орталық басшылығымен мекеме ғимараты мен аумағы бойынша экскурсия жүргізілді, оның барысында көптеген қызмет алушылар қонаққа келіп, орталық қызметкерлері және оңалту кезеңінде оларға көрсетілетін қызметтер туралы шаттанған пікірлерімен бөлісті.