Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі “Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері” атанды

“Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы” республикалық форумы аясында “Еңбек жолы” республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

“Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері” номинациясы бойынша 2-орынды “ERG Servise” ЖШС өндірісті дайындау учаскесінің дәнекерлеу-құрастыру цехының 4-разрядты кран машинисі Наталья Акишева иеленді.

Конкурстың шарттары бойынша “Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері” номинациясында жеңіске жету үшін жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Акишева Наталья Васильевна өзінің еңбек жолын 2003 жылы 29 сәуірде сервистік компанияда бастады. Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап ол бастауыш кәсіподақ ұйымының құрамына кірді. Оның өндірістік қызметіндегі жалпы еңбек өтілі 20 жылдан астам уақытты құрайды. Ол үнемі жас қызметкерлер мен практиканттарды оқытып отырады, жаңа бастаған мамандарға тәжірибесі мен білімін береді, кран машинисінің жұмысындағы кеңестерімен бөліседі.

“Ең бастысы жұмыста зейінді болу”, – деп есептейді “Еңбек жолы” республикалық конкурсының жеңімпазы.

Жыл сайынғы республикалық “Еңбек жолы” конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды, “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы” ұранымен еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға және еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.