«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Меңдібаевтың қатысуымен Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Ш. Ермекбайұлының, Маңғыстау облысының еңбек басқармасы А.Инкаров, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшыларының қатысуымен 2021 жылдың 28 қазанында «Еңбек жолы» конкурсының қорытындысы бойынша бейнеконференцбайланысы өтті.​​​​​ ​​

Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс қызметкерлерiн анықтайды.

Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесiн арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға ықпал етедi. ​​2021 жылғы «Еңбек жолы» конкурсының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысынан «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша бірінші орынды Юсуф Кулиев марапатталды.