«Еңбек жолы» конкурсының үздіктері анықталды

Елімізде «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» республикалық форумы өтті. Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласынан онлайн форматта қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, қалалық мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шарада еңбек ардагерлері мен «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты жиынды Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ашып, жеңімпаздардың кеуделеріне медаль тақты.

Ал, «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкерлері» мен «Жастардың үздік тәлімгері» аталымдарының жеңімпаздары естелік дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, 1-ші орынға 1 миллион, екінші, үшінші орындарға 500 және 200 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.