Кәсіподақ өкілдері ішкі саясат басқармасының мамандарымен кездесті

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығында ішкі саясат басқармасының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Оған Салалық кәсіподақтар жетекшілері қатысты.

Кездесуде Ақтөбе облысындағы еңбек дауларының басты себептері – кейбір мұнай сервистік және басқа да компаниялардағы жалақының төмендігі, индекстеудің болмауы және еңбек жағдайларының жасалмауы екені айтылды.

«Ақтөбе облысында кәсіподақтар орталығы еңбек жанжалдарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Жыл басынан бері, әсіресе шетелдік инвесторларға қарасты бірқатар кәсіпорындардағы еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістің өсуі байқалды. Еңбек жанжалдарын шешу мақсатында кәсіподақ өкілдері барлық келіссөздер процестеріне қатысты», – деп атап өтті кездесуде Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы А. Әмірғалиев.

Сонымен қатар салалық кәсіподақтар филиалдарының жетекшілеріне бастауыш кәісподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелері тарапынан болатын ұсыныстарды жинақтау тапсырылды.

Алдағы уақытта өңірдегі еңбек дауларының алдын-алу, оны болдырмау мақсатында бірлескен нақты жобалар қолға алынбақ.