Ардагер тілегі – ел мерейінің үстемдігі

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрған Бейімбетов кәсіподақ саласының ардагері, ұзақ жылдар бойы төраға қызметін атқарған Асия Аюпованы 68 жасқа толған туған күнімен құттықтап, шаңырағына барды.

Өз кезегінде, Руслан Ермахамбетұлы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеевтің құттықтауын жеткізіп, сый-сияпат табыстады. Асия Абдрахманқызы өз алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

Кәсіподақтар еңбек саласындағы жұмысшының қауіпсіздігі, құқығының қорғалуы, маман талабының орындалуы, еңбектің лайықты бағалануы жолында белсенді үн қосып жүрген ардагерлерін әрқашанда құрметтейді.