Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік сала қызметкерлері күні атап өтілді

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараға қатысып, кәсіподақ белсенділерін әлеуметтік қорғау саласындағы жемісті еңбегі мен кәсіподақ ұйымының жұмысын жетілдірудегі елеулі қызметі үшін «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымның «Құрмет» грамоталарымен марапаттады.

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісі күні атап өтілетін Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай биыл да облыс аумағындағы 12 аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және орталықтарының, 12 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының және 4 қалалық әлеуметтік сала мекемелерінің 37 әлеуметтік қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнімен құттықтады.