Білім қызметкерлері арасында волейболдан аудандық спартакиада басталды

Бүгін барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Аққулы ауданының білім беру қызметкерлері арасында волейболдан аудандық спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.

Малыбай мектебінің базасында Майқарағай, Малыбай, Қызын, Б.Уахитов атындағы орта мектеп, А. Баймолдин атындағы орта мектеп және С. Сатыбалдин атындағы орта мектептің әйелдер командалары кездесті.

Аудандық жарыстар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және аудандық жоспарды іске асыру шеңберінде өткізіледі. Спорттық жарыстар Малыбай ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымы ұжымының кездесуінен басталды.