Кәсіподақ ұйымы – қолдаушы күш

Кәсіподақ – еңбек адамдарының мұң-мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсететін басты ұйым.

№96 жалпы білім беру мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы аясында жас мамандарға арналған «Бірлікке үндеген кәсіподақ» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Дана Құрманбекова кәсіподақ ұйымының міндеттері мен «Ұжымдық шарттың» рөлі мен «Педагог мәртебесі» туралы заңның жобасына түсіндірмелер жүргізді және «Жыл мұғалімі-2021» байқауының II орын иегері, бастауыш сынып мұғаліміРаиса  Цой жас мамандармен өзінің білім берудегі тиімді жұмыс түрлерін атап өтіп, кеңестерімен бөлісті.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Д.Құрманбекова өз жұмысы туралы айта отырып: “Мектебімізде болып жатқан түрлі жетістіктер мен жақсылықтарды кәсіподақ ұйымдарының қосып жатқан үлесі мол. 2021-2022 оқу жылы керемет жетістіктермен басталды. Бастауыш сынып мұғалімі Цой Раиса Вадимовна «Жыл ұстазы-2021» байқауында II орынға ие болды. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары З.Борошева, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары  С.Чимирбаева Цой Раиса Вадимовнаға тәлімгерлік көмек беріп, қолдау көрсетті”, – деді.

Алматы қаласы Алмалы ауданының «Ұстаз» кәсіподағының басшысы  Раушан Оразалиева №96 ЖББ мектепке арнайы келіп, мектеп директоры Райгүл Халыққызын және бастауыш сынып мұғалімі  Р.Цойды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Ұстаз – ұлы тұлға. Бүгінде 36 жыл өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстаздардың бірі, география пәнінің мұғалімі  Лариса Шейконы 60 жас мерейтойымен құттықтау рәсімі өтті.

Қазіргі білім беру жүйесі түбегейлі өзгерістер жағдайында даму үстінде. Заманауи білім берудің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер өзгеруде. Осыған байланысты бүгінгі таңда педагогтарды үздіксіз кәсіптік дамытуын ұйымдастырылуына көңіл бөлінуде.