Республикалық “Үздік өзін-өзі тану мұғалімі” байқауының аудандық кезеңі өтті

Әйтеке би ауданында Республикалық “Үздік өзін-өзі тану мұғалімі” байқауының аудандық кезеңі өтті. «Адамның үйлесімді дамуы» ұлттық институтының бастамасымен қолға алынған байқаудың мақсаты – рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеясын жүзеге асыру, озат педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.

Аталған байқауға аудан мектептерінен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері қатысып, білімдерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Тереңсай ЖОББ мектебінің мұғалімі Идирова Нұргул Жанұзаққызы жеңіп алды.

І орынды Мамыт НОББ мектебінің мұғалімі Оразбаева Сағыныш Оразбайқызы иеленді.

ІІ орын Қарашатау ЖОББ мектебінің мұғалімі Айтмырзақызы Бибінұрға берілді.

ІІІ орынға Қ.Шаңғытбаев атындағы ЖОББ мектебінің мұғалімі Мұханбетова Қарлығаш Нұрболқызы лайық деп танылды.

Байқау жүлдегерлерін аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов құттықтап, диплом мен сый-сияпат табыс етті.