Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар филиалы кеңес береді

Сұрақ: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша қандай уақыт кезеңі түнгі уақыт болып саналады? Түнгі уақытта жұмысқа қандай санаттағы қызметкерлер жіберілмейді? Жұмыс беруші қызметкерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақытта жұмысқа қандай қызметкерлерді тартуға құқылы емес? Жұмыс түнгі уақытта қалай төленеді?

Жауап: ҚР Еңбек кодексінің 76 бабына сәйкес сағат 22-ден 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып саналады. Түнгі уақытта жұмысқа: он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер; жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер жіберілмейді. Мүгедек жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ бір жарым еседен төмен емес және қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып ақы төленеді. Түнгі жұмыс уақыты мереке немесе демалыс күндеріне сәйкес келген кезде еңбекке ақы төлеу Түнгі сағаттар үшін және мереке немесе демалыс күндерінің сағаттары үшін бөлек жүргізіледі.

Еңбек саласындағы барлық даулы мәселелер бойынша әрқашан 7/24 режимінде Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 87088614656 сенім телефонына хабарласуға болады.