Қызылордалық 60 кәсіподақ белсендісі кәсіби медиатор атанды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «Бітім» медиация орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында 60 кәсіподақ белсендісі «Жалпы медиация курсына» оқытылып, кәсіби медиаторлар тізіміне енді.

Кәсіподақ белсенділерінің кәсіби медиатор оқуына оқуы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік қызметі аясында жүзеге асырылды.

Оқу курсының соңғы тобы ортасына барған аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева кәсіподақ белсенділеріне медиация технологияларын қолдану арқылы дауларды сотқа дейін реттеу және еңбек дауларын шешу барысында медиаторлық білімдерін қолдануда сәттіліктер тіледі.