Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ активіне арналған онлайн білім марафонын жалғастыруда

ҚР Кәсіподақ федерациясының онлайн білім марафоны бүгін Қостанай облысында жалғасты.

Семинарды Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев ашып, тыңдаушыларға марафонның тұрақты дәріскерлерін таныстырды.

Ол еңбек дауларының сотта шешілуі, әлеуметтік әріптестік және жобалық басқаруға сияқты  үш тақырыптан тұратын бүгінгі семинардың кәсіподақ комитеттерінің төрағалары үшін тәжірибелік тұрғыдан тиімді болатынын ескертіп өтті.

Семинарды  әрі қарай Павлодар облысы кәсіподақтар орталығындағы Татуласу орталығының басшысы Марина Иванова жалғастырды. Ол еңбек дауларының сот органдарында қалай шешілетініне нақты мысалдармен шолу жасады.

ҚРКФ ӘЭҚ және ӘӘ комитетінің басшысы Айжан Ибраева әлеуметтік әріптестік, трипартизим туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, әлеуметтік әріптестік аясында қолданылатын  ұжымдық шартты қалай әзірлеу қажет екенін түсіндіріп берді.

Семинарды Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев «Жобалық басқарудың негіздері» тақырыбымен жалғастырды.

Семинар ұсынылған тақырыптар бойынша пікір алмасуға ұласып, қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды.

«Қостанай облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Ирина Аронова кәсіподақтық онлайн білім марафонының күнделікті жұмыста берер пайдасы мол екенін айтып, ұйымдастырушыларға қатысушылар атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар,  болашақта марафонға өз тараптарынан жаңа тақырыптар ұсынуды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Семинарды қорытындылаған ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев  қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін ризашылығын айтты.  Кәсіподақтар федерациясындағы жағымды жаңалықтармен бөлісті. Атап айтқанда, өткен аптада Қазақстан мен Өзбекстан Кәсіподақтары федерацияларының тарихында тұңғыш рет қол қойылған Өзара ынтымақтастық туралы келісім туралы айтып берді.

«Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қудратулла Рафиков Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына жасаған алғашқы ресми сапары барысында Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазір тараптар аталған келісімді жүзеге асыру бойынша бірлескен шаралар жоспары жасалуда. Бұның сыртында бір айдан соң Орталық Азия елдері кәсіподақтарының  Кеңесін құрылады. Аталған ұйым өңірдегі кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіруге әрі кәсіподақтар қозғалысына дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді деген сенімдемін», – деді ҚРКФ төрағасының орынбасары.

Кәсіподақтық онлайн білім марафоны –ҚР Кәсіподақтар федерацияның «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» атты 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес жаңа кәсіподақ идеологиясын ілгері бастыру бойынша қабылданған шаралардың бірі.  Мұндағы мақсат –кәсіподақ кадрларының, кәсіподақ активінің және кәсіподақ мүшелерінің жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениетін қалыптастыру.  Жыл басынан бері күнара өткізіліп келе жатқан  семинарлар барысында бүгінге дейін шамамен 10 мың адамның біліктілігі арттырылды.