Кәсіподақ – Еңбек адамының тірегі

Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында Әуезов ауданы бойынша “Ұстаз” қалалық жергілікті кәсіподағы филиалының мүшелері болып табылатын және жеке жауапкершілік сезімімен кәсіподақ қозғалысының дамуына үлкен үлес қосатын «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №4 арнайы (түзету) Алматы қалалық мектеп-интернатының» ұжымы туралы айтатын болсақ, бастауыш кәсіподақ ұйымы – рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым.

Кәсіподақ қызметі – үлкен күш. Оның өз мүшелеріне беретін қолдауы өте зор. Алдарына қойған мақсаты – еңбек адамдарының тағдырына байланысты түйіндерді дұрыс шешуге атсалысу және сол мақсатта жұмыс жасау керек екендігін көрсетуде. Кәсіподақ мүшелігін арттыру, оларға жағдай жасауға көңіл бөлу, материалдық көмек, зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлерді ынталандыру, мерейтойларға қолдау көрсету, сауықтыру орындарына жіберу, спорттық және мәдени шаралар ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

Жақында ғана, қиын уақытқа қарамастан, әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелері үшін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналған жақсы демалыс ұйымдастырды.