Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ШҚО Кәсіподақтар орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов пен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «ШҚО драма театры» КМҚК қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуді кәсіпорын директоры Руслан Қайырсынов ашты. Руслан Кайырбекұлы өз сөзінде еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтың атқарып отырған қызметінің маңыздылығын, кездесу кәсіпорын мен облыстық кәсіподақтар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында жүргізіліп отырғаны туралы айтып өтті.

Темірбек Қасымжанов облыстық кәсіподақтар ұйымдарының негізгі қызметтері, еңбек адамының құқықтарын қорғаудың бүгінгі деңгейі, кәсіподақ қызметін құқықтық қамтамасыз етудегі өзекті меселелер туралы баяндады. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық үшжақты келісімнің негізгі қағидаттары туралы ақпарат берді.

Түсіпхан Түсіпбеков қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында ҚР Кәсіподақтар федерациясы, республикалық салалық кәсіподақтар тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, театр қызметкерлерін бірлестікке шақырды.

Кездесу барысында Облыстық драма театры мен Кәсіподақтар орталығы өзара ынтымастық туралы Меморандум жасасты. Меморандумның негізгі мақсаты – кәсіподақтар мүшелерінің мәдени бос уақытын ұйымдастыруда бірлескен іс-қимылды жүзеге асыруда тараптардың өзара ынтамастастығы.