Энергетика кәсіподағы ардагерлерінің бастамасымен кітап шығарылды

Кездесулердің бірінде “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС ардагерлері Екібастұз қаласында энергетиканың қалыптасу тарихы туралы кітап жазуды ұсынды.

2021 жылғы 30 қазанда “Екібастұз энергетикасының ұмытылмас жылдары!» атты кітаптын перезентациясы болды.

Кітап Екібастұз энергетика ардагерлері кеңесінің төрағасы Рашит Файзрахманұлы Ғаббасовтың жетекшілігімен жарық көрді. Кітапты жазуға “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС – 1” ЖШС станциясының бірінші кезекші инженері Семенов Виктор Васильевич, “Екібастұз МАЭС – 2 станциясы” АҚ Адами ресурстар басқармасының басшысы Снегирева Татьяна Львовна, МАЭС – 1 және МАЭС-2 жабдықтарын монтаждауды жүргізген монтаждау басқармасының басшысы Новиков Валентин Максимович қатысты.

Кітаптың беттерінде ЭМАЭС-1 құрылысының жылдары, бірінші энергоблоктың іске қосылуы, Екібастұз МАЭС-2 станциясының адамдары мен қалыптасу кезеңдері туралы авторлардың еске алулары.

Кітап мазмұнды және тарихи болып шықты, көптеген фотосуреттермен суреттелген.