“Каустик” акционерлік қоғамының профактивімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы аясында “Павлодарэнерго “Энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев “Каустик” акционерлік қоғамының кәсіподақ активімен кездесті.

Кәсіпорында 2008 жылдан бастап бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді, оған 350 қызметкер кіреді. Кәсіпорында ұжымдық шарт қабылданды, келісу комиссиясы, өндірістік кеңестің құрамында техникалық еңбек инспекторлары жұмыс істейді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Абдугалимова бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс бағыттары, кәсіпорында “салауатты жұмыс орындары” жобасын іске асыру, кәсіподақтар сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар тарапынан нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бойынша қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, келісу комиссиясы мен өндірістік кеңестің жұмысы туралы айтып берді.

“Салауатты жұмыс орындары” жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде кәсіпорында 27 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылды, әрбір жұмыс орнының тәуекелдерін талдау және әрбір қызметкердің денсаулық жағдайының паспорты бойынша жұмыс жоспары әзірленді.

“Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясындағы кездесулер кәсіподақ мүшелерін белсенді қоғамдық қызметке ынталандырады, оның басты назарында әрқашан кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделері болады”, – деп М.Абдугалимова сындарлы диалог үшін алғысын білдірді.