Кәсіподақ қолдау көрсетті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2021 жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялады. Соңғы екі жылдағы оқиғалар әр кәсіподақтың басым міндеттері – құқықтар мен кепілдіктерді қорғау, еңбек адамдарына қолдау және көмек көрсету екенін айқындады.

Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы еңбек ұжымдарының өтінімдері бойынша Абай ауданының «Шығыс» шаруа қожалығының алқаптарынан жеңілдетілген бағамен облыс орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелеріне 30 тоннадан астам жаңа түсім картобын жеткізді.