«АрселорМиттал Теміртау» АҚ жол картасы ауылдық жерде жұмыс iстейтiндер мен тұрғындарды қолдауға негізделеді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссияның отырысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілігінің ОҮК шешімдерінде тұжырымдалған тапсырмаларды (19.10.2020 ж. және 14.05.2021 ж.) және кеншілер ұжымдарының талаптарын орындауы туралы» мәселе қаралды.

Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілігі «2017 жылғы желтоқсандағы еңбек қақтығысы барысында қойылған кеншілер талаптарының жекелеген тармақтарын орындау жөніндегі Жол картасын» әзірлеп, бекітті.

Талқылау барысында комиссия мүшелерімен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілігі бекіткен Жол картасы назарға алынып, бақылауға алынды, онда кадр персоналын жасақтаудың және қызметкерлерді көмір кәсіпорындарына тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алудың нақты мерзімдері айқындалды.

Көпсалалы талқылауға облыс кәсіподақтарынан Болат Жұмабеков, Евгений Буслаев, Сергей Белкин, облыстың жұмыс берушілерінен Биджу Наир, Әлішер Әбенов, Вера Терешкина, Андрей Черномаз қатысты.

Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы Жезқазған өңірінің Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағымен бірлесіп, ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік сала ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеуге және 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық келісімнің 6.11-тармағына сәйкес қатты отын сатып алуға өтемақы түрінде қолдау көрсету туралы мәселені көтерді.

Жағдайды талқылап, талдағаннан кейін комиссия шешімі бойынша Ақтоғай, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет және Нұра аудандарының әкімдеріне 2022 жылға арналған бюджетті қарау кезінде 2021 жылғы желтоқсанға дейін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерді төлеуге және қатты отын сатып алуға 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау мөлшерін ұлғайтуды жоспарлау тапсырылды.