Кәсіподақ ұйымында кезектен тыс есеп беру-сайлау жиналысы өтті

«Астана Қалалық Жарық» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Ш.Мұқанованың тараптардың келісімі бойынша жұмыстан босатылуына байланысты кезектен тыс есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

Кездесуге «Астана Қалалық Жарық» ЖШС директорының орынбасары С. Саханов, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Астана» қалалық филиалының төрайымы Т.Мадьярова қатысты.

Күн тәртібінде кәсіподақ комитетінің ағымдағы жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі қаралды, кәсіподақ ұйымының жұмыс органының құрамы нақтыланды.

Жиынға қатысушылар «Астана Қалалық Жарық» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағалығына Бауыржан Тәженовті бірауыздан сайлады.